Тайвань Қорғаныс министрлігі өткен тәулікте аралға Қытай Халық-азаттық армиясының (ХАА) 16 әскери ұшағы мен 3 кемесі жақындағанын хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz ведомствоның сайтына сілтеме жасап.
Тайвань әскери күштері хабарлағандай, төрт ұшақ Тайвань бұғазы деп аталатын орта сызықты кесіп өтіп, Аралдың әуе қорғанысын анықтау аймағына кірді. Осыған байланысты Тайвань Қарулы күштері өз кемелерін, әскери авиацияны, сондай-ақ зениттік зымыран кешендерін дайындап қойды.
ҚХАА соңғы айларда Аралдың маңындағы су айдындарын үнемі патрульдеуде. Өткен тамызда АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері болған Нэнси Пелоси Тайбэйге барғаннан кейін Тайвань бұғазындағы шиеленіс күшейе түсті. Бұл сапар Бейжіңде қатты наразылық тудырды.