Қытайдың 4 азаматы Алматы әуежайында рейстен түсірілді

631

Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Қытайдың 4 азаматы Алматы әуежайында рейстен түсірілді Фото: POLICE_of_KZ

Масаң күйіндегі Қытай Халық Республикасының төрт азаматы Алматы қаласы әуежайында әуе рейсінен түсірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Air Astana әуекомпаниясының өкілінен Алматы – Атырау рейсімен ұшпақшы болған жолаушылар тұралы хабарлама келіп түcкен.

"Тексеру барысында 28, 32, 38 және 42 жастағы Қытай азаматтарын анықталды. Арызданушының айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйінде болған, балағат сөздер айтып ортақ пайдаланылатын орынды ластаған. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқықбұзушыларда алкогольдік масаңдықтың "орташа" дәрежесі анықталды", - делінген полиция хабрламасында.

Шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып әрқайсысыны 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу