Қытайдың Африка елдеріне құйған инвестициясы 43 млрд доллардан асты

895

Инвесторлар әсіресе ауылшаруашылығына қызығушылық танытуда.

Қытайдың Африка елдеріне құйған инвестициясы 43 млрд доллардан асты

Қытайдың Африка мемлекеттеріне құйған тікелей инвестицияларының жалпы көлемі 2020 жылдың соңына қарай 43 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің баспасөз кеңсесінің дерегіне сілтеме жасап. 

Құжат бойынша, Қытай осы күнге дейін бұл құрлықта 3,5 мыңнан астам компания құрған. Инвестициялардың көп бөлігі жеке кәсіпорындарға тиесілі. Миллиондаған жұмыс орны ашылған. Олардың 80%-дан астамы – жергілікті тұрғындар.

Қытайлық инвесторлар үшін басым бағыттардың бірі ауылшаруашылығы болып табылады. 2020 жылдың соңына дейін 200-ден астам қытайлық компания Африканың 35 елінің агросекторына шамамен $1,11 млрд инвестиция құйды. Қазіргі уақытта Қытайға Африкадан 350-ге жуық ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға рұқсат етілген.

Табиғат Нұрболат

Фото: qz.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу