Бұл ТАСС Солтүстік Қытай аймақтық азаматтық авиация басқармасына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Аспанда белгісіз ұшқыш аппарат көрінді, кейін оның аэростат екені анықталды. Қазіргі уақытта әуе қатынасы жаңартылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.
2 ақпанда Пентагонның баспасөз хатшысы Патрик Райдер АҚШ-тың аспанында байқалған қытайлық "барлау шары" туралы хабарлады. Кейінірек, 4 ақпанда оны американдық әскери күштер Оңтүстік Каролина штатының жағалауында американдық әуе кеңістігінде атып түсірді. Кейін Қытай ресми түрде қолайсыз ауа-райына байланысты осындай жағдай болғанын түсіндірді.