Қытайдың автонарығы құлдырап барады

1079

Қытайда жаңа машиналар сатылымы былтырғымен салыстырғанда 12 есе төмендеді. 

Қытайдың автонарығы құлдырап барады

Қытайлық автоөндірушілер ассоциациясы (CAAM) берген меліметке сәйкес, жеңіл көліктер сатылымы ақпан айының алғашқы 16 күнінде өткен жылмен салыстырғанда 92%-ға төмендеген. 

Коронавирус індеті ел экономикасына қатты әсер етті. Ақпанның қорытындысы бойынша автомобиль сатылымы 70%-ға төмендеген. Кеселден қауіптенген Қытай азаматтары үйден шығуға қорқады. Оның үстіне, тұрғындар кірістерін сақтап қалуды ойлап отыр. 

ҚХР Сауда министрлігі әлемдегі ірі нарықты құтқарып қалу үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін қолдануға ниетті. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу