Қытайдың байланыс операторлары халықты толықтай бақылауына алмақ

1537

Енді ел азаматтары ұялы байланыс нөмірін сатып алу үшін паспорттағы деректерімен қоса биометриялық мәліметтерін беруі тиіс.

Қытайдың байланыс операторлары халықты толықтай бақылауына алмақ

Яғни олардың бет-әлпеті сканерге түсіріліп, ол суреттерді мобильді операторлар деректер базасына енгізіп отырады.

Жаңа ереже осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Бұған наразылыған білдіргендер жоқ емес. Бірақ жергілікті билік бұл шара халықтың киберкеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және телефон ұрлығына балта шабу мақсатында қабылданып отырғанын алға тартуда.

Ол аздай, енді ел азаматтарына телефон нөмірін басқа біреуге беруіне тыйым салынатын болды.

Қытай – белгілі бір қызмет түріне қосылғысы келетін жандарды биометриялық мәлімет тапсыруға міндеттеген алғашқы ел.

Осылайша Бейжің ел тұрғындарын толықтай бақылауына алып отыр. Нақтырақ айтқанда, кімнің қайда баратыны, қанша ақша жұмсайтыны, кіммен сөйлесетіні және тағы да басқа жеке басқа қатысты деректер ресми түрде тіркеліп отырады.

Айта кету керек, қазір Қазақстанның қаржы нарығына белсенді кіріп жатқан қытайлық "Altyn Bank" клиенттерге  несие беру және шот ашу үшін де арнайы мәліметтерді жинап жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу