Қытайдың Бас кеден басқармасымен 10 хаттамаға қол қойылды

861

Фитосанитариялық сертификат тез бұзылатын өнімге 3 сағатта беріледі.

Қытайдың Бас кеден басқармасымен 10 хаттамаға қол қойылды

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров фитосанитариялық сертификат алу талабы жеңілдетілгенін жариялады. 
Экспортқа ықпал ету үшін құжаттар тізбесі қысқарғанын тілге тиек еткен министр: "2020 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторлар бақылау және қадағалау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде олардың іс-әрекеттерін тіркейтін фото және бейнеқұралдармен қамтамасыз етілді. Экспортқа ықпал ету мақсатында фитосанитариялық сертификат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі қысқарды. Карантиндік сертификат беру мерзімі 3 күннен 1 күнге, фитосанитариялық сертификат беру мерзімі 5 күннен 3 күнге қысқарды", – деді.

Сапархан Омаровтың  айтуынша, тез бұзылатын өнімге 3 жұмыс сағаты ішінде карантиндік және фитосанитариялық сертификатты алудың оңайлатылған тәртібі қарастырылды.

"Ел аумағындағы тұрақты карантиндік фитосанитариялық ахуалдың арқасында отандық өсімдік шаруашылығы өнімін өткізудің басым нарығына жеткізуге шектеу жоқ. Қытайдың Бас кеден басқармасымен фитосанитариялық карантиндік талап бойынша 10 хаттамаға қол қойылды. Қытай Халық Республикасы тізіліміне өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіретін және өңдейтін 486 отандық кәсіпорын енгізілді. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесін және Россельхознадзордың ақпараттық жүйесімен интеграцияны дамыту жұмысы жүріп жатыр", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу