Қытайдың батысында ШЫҰ-ға қатысушы елдердің арнайы қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығулары өтті

178

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдердің "Өзара іс-қимыл — Антитеррор — 2024" арнайы қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығулары өтті.  

Қытайдың батысында ШЫҰ-ға қатысушы елдердің арнайы қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығулары өтті Фото: Eadaily

Бұл туралы ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының (ӨТҚҚ) баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, inbusiness.kz сайты хабарлайды. 

Оқу-жаттығудың мақсаты – ШЫҰ мемлекеттерінің құзыретті органдарының өз аумақтарында, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, террористік акт жасау немесе жасау қаупі туындаған кезде бірлескен іс-қимылдары үшін арнайы терроризмге қарсы құралымдарды дайындау.

"ШЫҰ ӨТҚҚ Кеңесінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі шешіміне сәйкес Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары "Өзара іс-қимыл — Антитеррор — 2024" бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуларын дайындап, өткізді", – деп хабарлайды ШЫҰ ӨТҚҚ.

Мәлімдемеде қазіргі уақытта халықаралық әрі өңірлік қауіпсіздік ұйым мемлекеттеріне қауіп төндіретін жоғары террористік белсенділік аймақтарының болуымен сипатталатыны атап өтілді.

"Ірі шабуылдар бейбіт тұрғындардың жазықсыз өліміне әкеліп, ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіреді", — делінген хабарламада.

Оқу-жаттығу барысында кибертерроризмге қарсы іс-шаралар мен террористік топ қызметінің жолын кесу бойынша бірлескен оқу операциясы өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу