Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасын тиімді пайдалану керек – Елбасы

1964

Қытай бастамасы Еуразиялық экономикалық одаққа инфрақұрылым және логистика тұрғысынан тиімді болмақ.

 Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасын тиімді пайдалану керек – Елбасы

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатқан Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасын одақтың жұмысы үшін тиімді пайдалануға шақырды.

"Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасы инфрақұрылым және логистика тұрғысынан ЕАЭО әлеуетінің жалғасы ретінде қабылдануға тиіс. Біз елдеріміз үшін оны тиімді ете аламыз. Бұл мол экономикалық тиімділік береді. Сондай-ақ біздің ұйымның ішкі және жеке мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізеді", – деді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер географиялық тұрғыда өте тиімді орналасқан.

"Осыны ескере отырып, бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын үдету қажет. Ол үшін елдерімізде қуатты база бар. Мәселен, Қазақстан қазірдің өзінде бірқатар ауқымды халықаралық жобаны жүзеге асырып отыр. Соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанның көлік-логистикалық активтерінің инфрақұрылымдарын және құзіретін дамытуға шамамен 30 млрд доллар инвестиция салынды. Бұл 5 темір жол мен 6 халықаралық автомобиль бағдарын ашуға мүмкіндік берді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу