Қытайдың бизнесмендері мен Алматы кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

Делегация құрамында экология және қоршаған ортаны қорғау, көлік және логистика, сондай-ақ инвестиция салаларының өкілдері болды.    

Қытайдың бизнесмендері мен Алматы кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды Фото: yandex.kz

Кездесу барысында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Нариман Ибрагимов Алматы өңірі мен Қытай арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты атап өтті. 

"Пандемиядан кейін экономиканы жандандыру үшін әлем елдері осы салада түрлі механизмді қолданады. Үкіметіміз де туризм мен ауыл шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Қытаймен жоспарлы түрде визасыз режимді енгізу тиімді құралға айналады деп ойлаймын", – деді Нариман Ибрагимов.

Спикер Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы" үкімет қаулысының жобасын қоғамдық талқылауға ұсынғанын еске салды. Мамырда тиісті келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Осы келісімге сәйкес қазақстандықтар Қытайда визасыз, ал Қытай азаматтары Қазақстан аумағында шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік мерзімде 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады. Визасыз режимге туристік, жеке және іскерлік сапарлар үшін рұқсат етіледі.

"Біріншіден, визасыз режим туристер ағынына оң әсер етеді. Бұл бағытта Алматының тау туризмінен қаланың көрікті жерлеріне дейінгі әлеуеті зор. Қазірдің өзінде туристік ағынның артуы байқалады", – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов.

Қазақстандық қонақүйлер 2022 жылы рекордтық табыс алды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 73,8 млрд теңгеге артық. Салыстырмалы бағада (инфляцияға түзетілген) жылдық өсім 55,3% құрады

Қытай делегациясын Хунань провинциясындағы Қытай Сауда палатасы кіші комитетінің вице-президенті Ю Бинруй, Хуан Луодаң, Хунань провинциясындағы Қытай Сауда палатасы кіші комитетінің халықаралық байланыстар департаменті директорының орынбасары Ши Чэньин, Аида Атагелди Қытай делегациясымен бірге Хунань провинциясындағы Қытай Сауда палатасы кіші комитетінің Сауда және инвестицияларды ынталандыру департаментінің басшысы бастап келді.

Кездесу барысында тараптар өңірлер арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ алматылық кәсіпкерлермен B2B келіссөздері жүргізіліп, онда қытайлық серіктестер Қытайға тиімді экспорт мәселелері бойынша кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу