Қытайдың бұрынғы премьер-министр Ли Кэцянның қайтыс болды

358

68 жастағы Ли Кэцян биылғы жылдың басына дейін Си Цзиньпиннің үкімет кабинетінде қызмет етті. 

Қытайдың бұрынғы премьер-министр Ли Кэцянның қайтыс болды Фото: Kevin Frayer

Қытай мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, 68 жастағы Ли Кэцян бейсенбі күні түн ортасында жүрек талмасына ұшырап, "оны құтқару әрекеттерінің бәрі сәтсіз аяқталды". Ол сол кезде Шанхайда болған, деп жазады inbusiness.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Ли Кэцян 2013 жылы премьер-министр болды және бір кездері Қытай Коммунистік партиясының ықтимал көшбасшысы саналған. Бірақ содан кейін Си Цзиньпин жоғарғы басшы болды. Ли Кэцян осы жылдың басында зейнеткерлікке шыққанға дейін премьер-министр қызметін атқарды.

Премьер-министр ретінде Ли Кэцян мемлекеттік бюрократияны реформалауды және жеке экономикаға араласуды азайтуды жақтады.

Ли Кэцян 2020 жылдың 28 мамырында өткен баспасөз мәслихатында Қытайдағы 600 миллионнан астам адамның орташа айлық табысы 1000 юаньнан (шамамен 65 000 теңге) төмен екенін атап өтті.

Қытайлық желі қолданушылары Weibo сайтына Ли Кэцянның өлімі туралы хабарды ауыр қабылдағанын жазуда.

"(Ол) әрқашан біздің жүрегімізде болады", - деп пікір қалдырды бір қолданушы.

"Күтпеген хабар болды. Шын жүректен көңіл айтамыз", - деп жазды Global Times Коммунистік партия газетінің бұрынғы бас редакторы Ху Сижин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу