Қытайдың экономикалық көрсеткіштері төмендеді

Қазан айында бөлшек сауда мен тұрғын үй саласы тұралады. 

Қытайдың экономикалық көрсеткіштері төмендеді Фото: qazaqstan.tv

Қазан айындағы деректер Қытайдағы экономикалық белсенділіктің төмендегенін көрсетті, дегенмен аталған ел экономикасы үшінші тоқсанда күтілгеннен біршама жылдамырақ дамыды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР Экономикалық зерттеулер институтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісі қазан айында бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 5%-ға өсті, бұл қыркүйектегі (6,3%) көрсеткіштен аз.

Баяулау COVID-19-ға байланысты шектеулердің енгізілуіне байланысты. Алайда, өндірістің екі саласында  көрсеткіштер жақсарған: автомобиль жасау (бір жыл бұрынғыдан 18,7%-ға артты) және электр машиналары (16,7%-ға өсті).

Соған қарамастан, қазан айында Қытайда бөлшек сауда күтпеген жерден бір жыл бұрынғыдан 0,5%-ға төмендеді. Оның себебі тұтынушылардың қозғалысын шектейтін пандемия ықпалы.

Сонымен қатар, тұрғын үй секторында да осындай құлдырау байқалады. Бұған қоса:

- косметика сатылымы бір жыл бұрынғыдан 3,7%;

- киім-кешек сатылымы 7,5%;

- жиһаз сатылымы 6,6%;

- тұрмыстық техника  саудасы 14,1%;

- байланыс құралдары сатылымы 8,9%-ға төмендеген.

Дегенмен, автокөліктер саудасы өсті. Қазан айында бөлшек сауданың төмендеуі мамыр айынан бері бірінші рет болып отыр.

2022 жылдың алғашқы 10 айында негізгі капиталға инвестиция 5,8%-ға өссе, меншік секторына инвестиция сол кезеңде 8,8%-ға төмендеді. Меншік секторындағы қиындықтар жалпы экономикалық көрсеткіштерге айтарлықтай әсер еткені анық.

Қазанда ҚХР-дың 70 ірі қаласында үй бағасы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 1,6%-ға төмендеді, бұл 2015 жылдан бергі ең үлкен құлдырау.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу