Қытайдың экспорттық декларациясы ашық болады

911

Қазақстандық кеденшілер Қытайдан тасқындап жатқан халық кең тұтынатын тауарлардың құнын білетін болады.

Қытайдың экспорттық декларациясы ашық болады

Қазақстандық шенеуніктерге Қытайдың экспорттық декларациясынан ақпараттар алуға рұқсат етілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әйтпесе, қазақстандық кеденшілер Қытайдан тасқындап жатқан халық кең тұтынатын тауарлардың құнын анықтауға қауқарсыз немесе құлықсыз. Салдарынан, қытайлық тауар тасушылар қазақстандық кеденнен өткенде, мысалы, ерлердің қысқа шалбарын 68 теңгеден, мектеп оқушыларының арқа сөмкелерін 46 теңгеден, әйелдердің қалпақтарын 69 теңгеден декларациялайды, яғни сатып алған құнын төмендетеді. Кеден органы ондай декларацияны қабылдамай тастайын десе, бір жағынан, бұл өнімдердің қытай базарлары мен цехтарындағы көтерме бағасын білмейді. Сондай-ақ, қытайлық кеденшілердің декларацияда ол өнімдерге қатысты қандай бағаны тіркегенінен де бейхабар. Енді шығыс көршідегі әріптестері осы ақпаратпен бөліспек ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу