Қытайдың елімізге жақын аумағында жер сілкінісі болды

523

Қытай сейсмологиялық орталығы дүйсенбіде Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 5,1 баллдық жер сілкінісін тіркеді.  

Қытайдың елімізге жақын аумағында жер сілкінісі болды Фото: img3.eadaily.com

Бұл туралы ведомствоның хабарламасында айтылған, деп жазады inbusiness.kz.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 07.58-де (Астана уақытымен 05.58) тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Ақсу округінің аумағында болды, ошақ шамамен 10 шақырым тереңдікте.

Шамамен 2,7 миллион халқы бар округте зардап шеккендер немесе қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу