Қытайдың індетті жасырғанын дәлелдей аламыз – Помпео

610

Бірқатар елдің арнайы қызметтері ҚХР үкіметі Covid-19 туралы деректерді жасырды және жойып жіберді деген күдік келтіріп отыр.

Қытайдың індетті жасырғанын дәлелдей аламыз – Помпео Фото: reuters.com

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуынша, ҚХР-дың коммунисттік партиясы бастапқыда індетті жасыру үшін барын салған екен.

"Әлемнің індет туралы дер кезінде білуін болдырмауға Бейжің тырысып-бақты. Бізде бұны дәлелдейтін құжаттар бар. Кейбірі ашық түрде жарияланған", – деді Помпео.

Сонымен қатар ол Қытай билігі коронавирусқа қатысты жағдайда өзін авторитарлық режимдегі мемлекет ретінде көрсеткенін, кінәлілер алдағы уақытта өз жазасын алатынын жариялады.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп та Қытайды бірнеше рет айыптаған болатын. Оның пікірінше, Бейжіңнің жаңа коронавирус инфекциясының таралуын тежеуге күші жетсе де, олай жасамаған көрінеді. Ресми мәлімет бойынша, Аустралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Канада және Британия елдерінің арнайы қызметтері ҚХР үкіметі Covid-19 туралы деректерді жасырды және жойып жіберді деп күдіктеніп отыр.

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы дерегіне сүйенсек, осы күнге дейін әлемде вирус жұқтырғандардың саны 3,5 миллионнан асып, оның 247 мыңы қайтыс болған. 1 миллион адам ем-дом қабылдап жазылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу