Қытайдың Қазақстанға салған инвестиция көлемі 29,4 миллиард долларға жеткен

1196

Қытайдың Қазақстанға салған инвестиция көлемі 29,4 миллиард долларға жеткен

2005 жылдан 2017 жылға дейін Қытайдан қазақстандық компанияларға келген инвестиция мен бірлескен жобалардан түскен сома 29,4 млрд долларға жеткен деп хабарлайды LS.   

American Enterprise Institute дерегінше, қаржы ең көп салынған сала - энергетика. 12 жылда аталған салаға қытайлықтар 22,78 млрд доллар қаржы құйған. 

Қазақстанның химия өнеркәсібіне Қытай 3,68 млрд доллар бөлсе, металды өндіру, өңдеу және байытуға – 2,33 млрд доллар, құрылысқа 350 млн доллар бағыттаған.  

Одан бөлек, көлік саласы - 150 млн доллар, қаржы секторы 110 млн доллар инвестиция тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу