Қытайдың Қазақстанға жақын аймақтарында коронавирус өрши түсті

474

Қытайда коронавирустың таралу қарқыны күшейді.  

Қытайдың Қазақстанға жақын аймақтарында коронавирус өрши түсті Фото: РБК

Бұл туралы бүгін ҚХР Мемлекеттік гигиена және денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, өткен тәулікте дәрігерлер 9 мыңнан астам жаңа жағдайды тіркеген. Бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 2,6 есе көп. Инфекция жұқтырған 61,5 мың адам медициналық бақылауда, олардың 85%-ында сиптомдар байқалмаған. 27 мамырдан бастап елде Covid-19-дан өлім-жітім тіркелген жоқ.

Науқастардың 97%-дан астамы инфекцияны ел ішінде жұқтырған. Қалған 3%-ы сырттан әкелінген жағдайлар.

Соңғы аптада Қытайдың барлық аймақтарында инфекциялардың жаңа фактілері анықталды.

Жұқтырғандардың ең көп саны Гуандун провинциясында тіркелген. Екінші және үшінші орынды Ішкі Моңғолия мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы иеленді.

ҚХР үкіметі жақын арада Covid-19-ға байланысты шектеулерді алып тастамайтынын хабарлады. Сонымен қатар, билік тым қатаң шаралар экономикаға зиян келтірмеу үшін инфекциямен күресудің икемді стратегиясын жүзеге асыра бастады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу