Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Қазақстанға келеді

360

Ол Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 11-ші отырысына қатысады.  

Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Қазақстанға келеді Фото: newscentralasia.net

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсян Қазақстанға келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар ол Түрікменстанға да сапарлай барады. 26-30 қараша аралығында ол Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 11-ші отырысына және Түрікменстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 6-шы отырысына қатысады.

Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитеті 2004 жылы құрылған болатын. Оның отырыстары екі елдің үкімет басшылары орынбасарларының тең төрағалығымен өтеді. Комитеттің 10-шы отырысы 2021 жылғы қарашада бейнеконференция режимінде өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу