Қытайдың мұсылмандарды қудалауы туралы ақпаратты Жапония АҚШ-қа жіберген

1477

Ресми Токио Вашингтон мен Лондоннан мәліметтің қайдан алынғанын жарияламауды сұраған. 

Қытайдың мұсылмандарды қудалауы туралы ақпаратты Жапония АҚШ-қа жіберген

Жапония Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан мұсылмандарға арналған түрмелер мен лагерьлер туралы мәліметті АҚШ пен Британияның арнайы қызметіне өткен жылы құпия түрде жіберген. Бұл туралы Kyodo басылымы хабарлады.

Ресми Токио Вашингтон мен Лондоннан мәліметтің қайдан алынғанын жарияламауды сұраған. 

Дәл осы деректерді пайдаланып, АҚШ Қытайды адам құқығын бұзды деп айыптап, артынан санкция жариялаған. Басылымның дерегінше, Жапония бұл қадамға Батыс елдерімен бірлесе Солтүстік Корея мен Қытайдан келетін қатерге төтеп беру үшін барған. Дегенмен Токио Бейжіңмен арадағы сауда қатынасын бұзбай, Вашингтонмен де сенімді серіктестік орнатуды көздеп отыр. 

Тамыз айының соңында Дональд Трамптың әкімшілігі Қытайдағы мұсылмандарға жасалып жатқан қысымды "геноцид" деп атау жағын қарастырған болатын. Қазір бұл мәселені Мемлекеттік департамент, Ішкі қауіпсіздік министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік Кеңесі талқылап жатыр. Сонымен қатар Вашингтон Бейжіңге "адамзатқа қарсы қылмыс жасады" және "ұлтты жоюға талпынды" деген айыптар тағуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу