Қытайдағы жойқын тасқын 39 адамның өмірін жалмады

394

Қытайдың оңтүстігінде бірнеше күнге созылған нөсер жауыннан кейін болған жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 39 адамға жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдағы жойқын тасқын 39 адамның өмірін жалмады Фото: news.sky.com

Тағы 9 адам із-түзсіз жоғалған. Ең көп шығын елдің Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында тіркелді.

Табиғи апатқа "Майсак" тропикалық дауылының әсерінен жауған толассыз жаңбыр себеп болды. Нөсер салдарынан өзендер арнасынан асып, су қоймаларының бөгеттері зақымданып, бірқатар елді мекенді су басты. Әсіресе Хэнчжоу қаласы маңындағы су қоймасы бөгетінің жартылай бұзылуы жағдайды күрделендірді.

Қытай билігінің мәліметінше, апат аймағынан 130 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған. Құтқарушылар мыңдаған адамды қауіпсіз жерге көшіріп, су құрсауында қалған 10 мыңнан астам оқушы мен мұғалімді құтқарған. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Су тасқыны тұрғын үйлерге, жолдарға және инженерлік инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтірді. Кейбір аудандарда электр энергиясы уақытша өшіріліп, көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Сонымен қатар су тасқыны салдарынан хайуанаттар бағынан 100-ден астам жануар, ал жылан өсіретін шаруашылықтан жүздеген жылан сыртқа шығып кеткені хабарланды. Жергілікті билік тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Синоптиктердің болжауынша, Қытайдың шығыс жағалауына "Бави" тайфуны жақындап келеді. Билік жаңа дауылдың салдарын азайту үшін алдын ала қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жағалаудағы аймақтарда мектептер мен порттардың жұмысын уақытша тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу