Қытайдың оңтүстік-шығысында тайфун салдарынан 150 мың адам көшірілді

189

Тайфунның жақындауына байланысты теміржол компаниялары пойыздарды тоқтата бастады. 

Қытайдың оңтүстік-шығысында тайфун салдарынан 150 мың адам көшірілді Фото: eadaily

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясындағы 150 мыңнан астам адам "Гаеми" тайфунының жақындауына байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қытайдың Орталық теледидары жергілікті су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы штабына сілтеме жасап.

"25 шілдеде сағат 7.00-де (Астана уақытымен 4.00) барлығы 29 424 адам жағалау аймағындағы балық өсіру торларының аудандарынан жағаға эвакуацияланды", – делінген теледидар хабарламасында.

Сонымен қатар, 733 балық аулау кемесінен 3199 адам жағаға эвакуацияланды. Провинцияда барлығы 156 800 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Теледидардың хабарлауынша, 25 шілдеде сағат 0.00-де (24 шілдеде Астана уақытымен 21.00) "Гаеми" тайфуны Тайваньның солтүстік-шығысындағы Илань округіне соққы берді, бейсенбі күні кешке Фудзянь провинциясының жағалауына жақындайды деп күтілуде.

Күні кеше Қытайда "Гаеми" тайфунына байланысты қауіптің ең жоғары қызыл деңгейі жарияланғанын еске саламыз https://inbusiness.kz/kz/last/kytajga-gaemi-tajfuny-kele-zhatyr. Тайфун жақындауына байланысты теміржол компаниялары трафикті тоқтата бастады. Сонымен, Shenzhen Railway 260-қа жуық пойыздың қозғалысын, сонымен қатар, Nanchang Railway бейсенбіден бастап Фудзянь провинциясындағы барлық жолаушылар пойыздарының жұмысын тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу