Оның айтуынша, Қытайдың Орта Азия елдерінде әскери базалары жоқ. Ал Тәжікстанның Ауған шекарасындағы әскери база құрылысын Пекин қаржыландырады.
"Қытайдың Орта Азияда қандай да бір әскери базасы жоқ екенін сізге сеніммен айта аламын", – деп атап өтті Ван Вэньбинь.
Құрылыс аяқталғаннан кейін база Тәжікстан ІІМ-ге беріледі.
Тәжікстан парламентінің өкілі Reuters агенттігіне Душанбе мен Бейжің Памир тауларында (Таулы Бадахшан автономиялық аймағында, Ауғанстанмен шекарада) база салу туралы келісімге келгенін айтты.
Базаның құрылысы 9,4 миллион долларға бағаланып отыр.
Оралбай Мергенбайұлы