"Қытайдың Орталық Азияға бағыттаған инвестициясының жартысы Қазақстанға тиесілі"

979

"Орталық Азия – ҚХР" саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа инвестициялық саясат әзірлеп жатқандығын айтты.

"Қытайдың Орталық Азияға бағыттаған инвестициясының жартысы Қазақстанға тиесілі"

"Мұндай саясат Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының ажырамас бөлігі саналады", - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, Қазақстан мен Қытайдың өзара тауар айналымы 17 млрд долларға жеткен. 

"Бүгінде екіжақты тауар айналымы барлық жаңа рекордтық белгілерге жетіп отыр. Өткен жылдың 11 айының қорытындысында бұл көрсеткіш 17 млрд долларға дейін жетті. Орталық Азия мемлекеттеріне 40 млрд долларлық қытай инвестициясының жартысы Қазақстанға тиесілі. Бұл да өте жақсы көрсетіш. Сондықтан біздің еліміздің өңірдегі Қытайдың ірі сауда және инвестициялық серіктесіне айналуы заңдылық. Осы мүмкіндікті пайдаланып, шетелдік инвесторларды, оның ішінде қытайлық серіктестерімізді мұнан ары да жан-жақты қолдауға ниетті екендігімізді атап өткім келеді", - деді Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу