Қытайдың радиациясы мөлшерден тыс тауары кері қайтарылды

709

Өндірістік тауардың жалпы салмағы 1 555 000 келі. Майқапшағай бекетінің қызметкерлері Кеден одағының аумағына арнайы тапсырыс бойынша жіберілген тауардың радиациясын тексерді.

Қытайдың радиациясы мөлшерден тыс тауары кері қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментіне қарасты Майқапшағай кеден бекетінде радиациясы мөлшерден тыс тауар кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 қаңтарда аталмыш кеден бекетіне Қытайдан кенді ыдырату үшін өндірісте қолданылатын керамикалық шарлар келіп түскен. Майқапшағай бекетінің қызметкерлері Кеден одағының аумағына арнайы тапсырыс бойынша жіберілген тауардың радиациясын тексерді. "Янтарь-1А" қондырғысы тауардың құрамындағы радиация мөлшері нормадан 3,4 есе көп екенін көрсетті.

"Өндірістік тауардың жалпы салмағы 1 555 000 келі. Тауар дереу Қытай Халық Республикасына қайтарылды. Кеден бекетінің радиациялық заттарды анықтауға арналған озық қондырғылармен жабдықтаулының арқасында тағы да бір зиянды тауар ел аумағына жіберілген жоқ",– делінген облыстық кедендік бақылау департаментінің мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу