Қытайдың Ресей саясатын қолдауы АҚШ-ты алаңдатып отыр

1006

Бұған дейін Путин Ресейдің Қытаймен арадағы серіктестігі бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеген еді.

Қытайдың Ресей саясатын қолдауы АҚШ-ты алаңдатып отыр

Ресейдің Еуропаға қатысты саясатын Қытай билігінің қолдауы АҚШ-ты алаңдатып отыр. Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол Ресей мен Қытай басшыларының Бейжіңдегі кездесуінен кейін қабылдаған бірлескен мәлімдемесіне қатысты пікірін білдірді. Құрама Штаттардың әскери ведомствосының өкілі Бейжіңнің Мәскеу саясатына қатысты ұстанымына  "тұрақсыздандыратын қауіпсіздік факторы" деген баға берді. "Олардың 4 ақпанда жасаған бірлескен мәлімдемесі Ресейдің Еуропаға қатысты әрекеттерін Қытайдың қолдайтыны тағы да анық көрсетті", – деді Кирби.

Бұған дейін РФ президенті Владимир Путин Ресейдің Қытаймен арадағы серіктестігінің бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді. Ол қос мемлекеттің қарым-қатынасын тиімділіктің, жауапкершіліктің үлгісі деп атады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу