Қытайдың "Шэньчжоу-20" экипажы үшінші рет ашық ғарышқа шығуға дайын

137

26 маусымда екінші ашық ғарышқа шығу сәтті аяқталған соң, экипаж "Тяньчжоу-8" жүк кемесімен қоштасып, оның орнына "Тяньчжоу-9" кемесін қабылдады.  

Қытайдың "Шэньчжоу-20" экипажы үшінші рет ашық ғарышқа шығуға дайын Фото: dknews.kz

Қытайдың "Шэньчжоу-20" ғарыш кемесінің экипажы жақын күндері үшінші рет ашық ғарышқа шығуды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Осы уақыт аралығында ғарышкерлер қоршаған ортаны бақылау, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, материалдарды түгендеу және келесі ғарышқа шығуға дайындық жұмыстарын атқарды.

Қытайдың пилотталған ғарыш бағдарламасын басқару басқармасы (CMSA) экипаждың өмір туралы ғылым, адам ағзасын зерттеу, микрогравитация жағдайындағы іргелі физика және жаңа ғарыштық технологиялар бағыттарында тұрақты ғылыми нәтижелерге қол жеткізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ғарыш станциясы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Үш ғарышкердің де денсаулығы жақсы, олар алдағы тапсырмаларды орындауға толық дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу