Қытайдың шетелдегі алғашқы әскери базасы Африкада ашылды

1375

Қытайдың шетелдегі алғашқы әскери базасы Африкада ашылды

Қытай шетелдегі алғашқы әскери базасын Африкада ашты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Джибутиде (Шығыс Африка) жергілікті уақыт бойынша таңғы 08:00-де салтананатты түрде Қытайдың туы көтерілді. Осыдан кейін ҚХР-дың әскери кемелері жағалауға тоқтады. Салтанатты шараға 300 әскери мен теңізші қатысқан, олардың ішінде Қытайдың әскери теңіз күштері басшысының орынбасары Тянь Чжуна бар.

Бұл базаға алғашқы әскерилер биыл маусымда жіберілді. Мұнда барлығы 2000 әскери қызмет атқаратын болады.

Әскери база аймақтағаы әскери бейбітшілік операциялар, Африка мен Батыс Азияға гуманитарлық көмек жеткізуге арналған. Сонымен қатар, онда әскери жаттығулар да өтетін болады.

Еске салсақ, Қытайдың Африкада әскери база салып жатқаны 2016 жылы белгілі болған.

Айта кетейік, Джибути — халық саны 740 мың адам болатын Шығыс Африкадағы мемлекет. Бұл ел аумағында қазір АҚШ, Франция мен Жапонияның әскери пунктері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу