Қытайдың шығысында соққан торнадо кем дегенде бес адамның өмірін қиды

881

5,5 мыңнан астам адам зардап шеккен.

Қытайдың шығысында соққан торнадо кем дегенде бес адамның өмірін қиды Фото: БелТА

Қытайдың Цзянсу провинциясының шығысында орналасқан Суцянь қаласында соққан алапат құйын салдарынан он адам қаза тауып, тағы төрт адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы сәрсенбі күні Қытайдың орталық телеарнасы хабарлаған.

Сейсенбі күні кешке адамдар жұмыстан үйлеріне қайтып жатқан уақытта қаланың бірнеше бөлігінде қатты дауыл соққан. Соның салдарынан 5,5 мыңнан астам адам зардап шеккен.

"Құйын 137 тұрғын үйді қиратып, 1,6 мыңнан астам үйді зақымдады. Жергілікті билік 405-ке жуық адамды табиғи апаттан зардап шеккен аудандардан уақытша көшіруге мәжбүр болды", - делінген Associated Press хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу