Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында жер сілкінісі болды

504

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) магнитудасы 6,1 балл болатын жер сілкінісі болды.   

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында жер сілкінісі болды Фото: cdnn21.img.ria.ru

Бұл туралы Синьхуа АА Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығына (CENC) сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттік хабарлағандай, жер сілкінісі дүйсенбіде Бейжің уақыты бойынша 07.49-да басталды (Астана уақытымен 05.49). Жер дүмпіуінің орталығы Алаэр қаласынан 105 шақырым, Шая қаласынан 141 шақырым қашықтықта орналасқан.

Адам шығыны мен зардап шеккендер, сондай-ақ мүліктік залал туралы әлі хабарланған жоқ.

Оқиғадан кейін билік жер сілкінісі аймағына 15 көлік пен Ақсу округінің өрт сөндіру-құтқару қызметінің 70 құтқарушысын жіберді. Шая округінің өрт-құтқару қызметінің командасы тексеру жұмыстарына кірісті.

Жергілікті электр желілері, мұнай және газ өндіру нысандары, сондай-ақ негізгі мұнай-химия кәсіпорындары зардап шеккен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу