Қытайдың Сиань қаласында қазақстандық павильон ашылды

377

Қазақстан мен Қытай бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы 15-тен астам келісімдер мен меморандумдарға қол қойды.  

Қытайдың Сиань қаласында қазақстандық павильон ашылды Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Бас консулдығы "Жібек жолы 7-ші халықаралық форумына" және Қытайдың "Шығыс-Батыс" ынтымақтастық, инвестициялар - сауда көрмесіне белсенді қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы көрме аясында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Сиань қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен тұрақты жұмыс істейтін қазақстандық павильон ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қазақстандық көрме павильонының ашылуы және тұсаукесер рәсіміне Шэньси провинциясы губернаторының орынбасары мен Алматы облысының әкімі және басқа да көптеген жоғары дәрежелі қонақтар қатысып, көрмеге келушілерді қазақ халқының бай мәдениетімен, дәстүрлерімен және отандық өнімдерімен таныстырды.

Сонымен қатар, осы іс-шара аясында ҚР Бас консулдығының бастамасымен Сиань қаласындағы дипломатиялық миссия ғимаратында Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп қаржы институттары мен жеке инвестициялық компаниялар өкілдерінің қатысуымен бизнес-конференция ұйымдастырылды. Өткен В2В келіссөздер барысында мүдделі тараптар экономиканың түрлі салаларында одан әрі тығыз ынтымақтастыққа шынайы қызығушылық танытты.

Келіссөздер нәтижелері бойынша құрылыс, ТКШ басқару, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығын дамыту, азық-түлік тауарларының импорты мен экспорты және т. б. салалардағы одан әрі ынтымақтастықты дамыту туралы он бес келісімдер мен Меморандумдарға қол қойылды.

Сиань қаласында орналасқан ҚР Бас консулдығының ғимаратында ауқымды көлемдегі және жоғары деңгейде мұндай іс-шаралардың өткізілу идеясын барлық тараптар үлкен қызығушылықпен қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу