Қытайдың Сиань қаласында локдаун енгізілді

814

Жергілікті тұрғындардың қаладан шығуы қатаңдатылды. 

Қытайдың Сиань қаласында локдаун енгізілді

Қытайдың Сиань қаласында локдаун жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Xinhua агенттігіне сілтеме жасап. Жергілікті билік індеттің таралуын болдырмас үшін осындай шешім қабылдады. 

Індеттің алдын алу және бақылау жөніндегі жергілікті департаменттің дерегіне сүйенсек, жаппай тестілеу нәтижесінде 127 тұрғынның коронавирустық инфекцияға шалдыққаны анықталды. Барлық науқастар қазір ауруханада тиісті ем қабылдап жатыр. 

23 желтоқсаннан бастап барлық аудан, ауыл және мекемеде басқарудың жабық режимі енгізілді. Жергілікті тұрғындардың қаладан шығуы қатаңдатылды. Қалааралық жолаушылар тасымалы секторындағы көліктің жұмысы тоқтатылды. Тек аса қажетті заттарды тасымалдайтын жүк көліктерінің қозғалысына рұқсат берілді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу