Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуань провинциясында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан 12 адам ажал құшып, 10 шақты кісі жоғалған. Бұл туралы Xinhuanet.com басылымы хабарлады.
Маусымның 26-сынан бастап 28-іне дейін жауған жаңбыр салдарынан Ихай елдімекенінде су тасқыны басталып, 10 адам опат болған. Жергілікті биліктің айтуынша, тағы 7 кісі қирандылар астында қалған. Қазір оларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Ихай мен Гаоянг елдімекендеріндегі 9880 тұрғын нөсер жауыннан зардап шеккен. Көлік қозғалысы тоқтап, тұрғын үйлер қирап, егістік жерлерді су алған. 7705 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Жалпы, маусымда басталған су тасқыны салдарынан Қытайда 78 адам қаза тапқан, 8 мыңдай үй қирап, 97 мың үйге зақым келген. Жергілікті биліктің есебінше, апат кесірінен экономикаға 3,64 млрд доллар көлемінде шығын келген.
Табиғат Нұрболат
Фото: xinhuanet.com