Қытайдың сырт елдерге құйған тікелей шетелдік инвестициясы өткен жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда үстіміздегі жылдың ұқсас кезеңінде 53,3%-ға өсті, деп хабарлайды Caixin іскерлік басылымына сілтеме жасаған РИА Новости.
Аталмыш мекеменің мәліметтеріне сәйкес, Қытай биылғы 10 айда шетелге 961,9 млрд юань (141,45 млрд доллар) инвестиция құйған. ҚХР реформалар және даму комитетінің наурыз айында жарияланған дерегіне сай, ел үкіметі 2016 жылы шетелге 130 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция құюды жоспарлаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу