Қытайдың вирусы АҚШ-қа да жетті

2240

Қытайда коронавирустан 9 адам көз жұмды.

Қытайдың вирусы АҚШ-қа да жетті

Қытайдан шыққан коронавирус АҚШ-қа да жетті. Вашингтонда бір азаматтың ауру жұқтырғаны анықталды. Ол жақында Ухань провинциясынан келген екен, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирус халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп мәлімдеме жасады. 

Ал Қытайдың Денсаулық сақтау мәселесімен айналысатын мемлекеттік комитеті коронавирус тек малдан адамға ғана емес, адамнан адамға да жұғуы мүмкін екенін айтқан. Бүгінде онымен ауырғандар саны 307-ден асады. Дені, Бейжің, Шанхай, Шэньчжэнь, Тайвань, Жапония, Тайланд және Оңтүстік Кореяда тұрады. Ауруы асқынып, көз жұмғандар саны тоғызға жетті.

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы эпидемияға қатысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешімді талқыға салмақ. 

Ғалымдар коронавирус осыдан 17 жыл бұрын Қытайда таралған SARS-қа ұқсас екенін айтты. Сол кезде 800 адам қайтыс болған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу