Қытайдың ЖІӨ 2016 жылы 6,7%-ға өсіп, әлемдік экономиканың негізгі қозғаушысы болып қалып отыр

2037

Қытайдың ЖІӨ 2016 жылы 6,7%-ға өсіп, әлемдік экономиканың негізгі қозғаушысы болып қалып отыр

Қытай экономикасының өсімі  2016 жылы 6,7%-ға жуықтағаны ҚХР-дың мемлекеттік статистикалық басқармасының  алдын ала есебінде айтылды, деп жазады "Интерфакс".

Жаһандық экономиканың өсіміне Қытайдың қосып отырған үлесі 30%-дан асады. Осылайша Қытай әлемдік ЖІӨ жетекші күші болып қалып отыр, деп мәлімдеді мекеме өкілдері.

Олардың айтуынша, соңғы жылдары қытай экономикасында "жаңа норма"  қалыптасып келеді. Әйтсе де  ұлттық экономиканың өсу қарқыны тежеуілдегенімен,  ол бәрібір айтарлықтай жоғары.

ҚХР даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комиссияның өкілі Сюй Шаошидің мәлімдеуінше,   ел экономикасының көлемі  былтыр  шамамен 5 трлн иенге көбейіп, 70 трлн юаньнан (10,1 трлн доллар) асқан.  Халықаралық валюта қорының мәліметтеріне сілтеме жасаған ол әлемдік ЖІӨ өсіміне АҚШ-тың қосып отырған 0,3 пайызымен салыстырғанда Қытайдың үлесі 1,2 пайыздық пункті құрағанын тілге тиек етті.

Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша былтыр жаһандық экономиканың өсімі 2,4%-ды құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу