Қытайдың ЖІӨ бірінші тоқсанда 18,3%-ға өсті

2060

Өткен жылы 6,8%-ға төмендеген еді.  

Қытайдың ЖІӨ бірінші тоқсанда 18,3%-ға өсті

2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытай экономикасы рекордтық 18,3%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҚХР-дың Мемлекеттік статистикалық басқармасының дерегіне сілтеме жасап. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде көрсеткіш 6,8 пайызға төмендеген еді. 

Қытай билігі ЖІӨ-нің өсуін пандемияның еңсерілгендігімен түсіндіріп отыр.

Экономиканың өсуіне ішкі сұраныстың артуы, еңбек нарығындағы тұрақтылық, өндірістің өнімділігін қамтамасыз ету сияқты факторлар әсер еткен. 

2020 жылы Қытай бірінші болып індеттен құтылып, шектеулерді алып тастай бастаған еді. Былтыр ел экспорты 3,6%-ға, ЖІӨ 2,3%-ға өскен болатын.

CGTN дерегі бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 103 185-ке жетті. Оның 4856-ы қаза тауып, 97838-і жазылған. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу