Қытайдың ЖІӨ соңғы 30 жылдағы ең төмен көрсеткішке ие болды

2453

2020 жылдың бірінші тоқсанында 6,8%-ға қысқарған. 

Қытайдың ЖІӨ соңғы 30 жылдағы ең төмен көрсеткішке ие болды

Экономиканың құлдырауына коронавирус пандемиясы әсер етіп отыр. Қытайда мұндай көрсеткіш 1992 жылдан бері тіркелмеген. Ресми мәлімет бойынша, елдің бір жылдық ЖІӨ-нің көлемі шамамен 3 трлн доллар. 

CNBC басылымына сұхбат берген Oxford Econimics мамандары: "Біздің ойымызша, екінші тоқсанда экономика қалыпқа келгеннен кейін, бұл көрсеткіш те айтарлықтай өседі. Бірақ ішкі және сыртқы сұраныстың аз болуы бұған кедергі келтіруі мүмкін", – деді. 

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі ДДҰ-на Ухань қаласында атипиялық пневмония індетінің өршігені туралы хабарлаған болатын. Кейін мамандар бұл ауруға Covid-19 деген атау берді.

Ал 11 наурызда ДДҰ коронавирус індетін пандемия деп жариялады. Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметі бойынша, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 2 миллионнан асып, оның 139 мыңнан астамы қаза тапқан. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу