Қытайлық БАҚ Country Garden жақын арада оффшорлық қарызын қайта құрылымдайтынын хабарлауы мүмкін деп санайды.
Тағы бір құрылыс алыбы China Evergrande Group қарыздарын өтеу жоспарын орындай алмай қызметін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz reuters.com сайтына сілтеме жасап.
- Country Gаrden-нің 10,96 млрд доллар оффшорлық облигациялар және 42,4 млрд юань (5,81 миллиард доллар) несиелері бар. Дефолт жағдайында бұл қарыздар қайта құрылымдауды қажет етеді және компания немесе оның активтері таратылуы мүмкін.
- 9 қазанда төленетін купондар Country Garden компаниясының 2024 жылғы 6,5% және 2026 жылғы сәуірдегі 7,25% облигацияларына байланысты.
- Төлемдерде 30 күндік жеңілдік кезеңі белгіленген, бірақ әзірлеуші осы айдың соңында үлкен сынаққа тап болады. Яғни ол 17 қазанға дейін 15 млн долларлық қыркүйек купонын төлемесе, оның барлық оффшорлық қарызы дефолтқа ұшырауы мүмкін.
Қытайдың жылжымайтын мүлік секторы 2021 жылдан бері қарыз дағдарысынан зардап шегуде.
Қытайдағы тұрғын үй сатылымының 40 пайызын құрайтын компаниялар, негізінен жеке құрылыс салушылар қарызын өтей алмай, көптеген үйлер аяқталмай қалды. Екі жылдан астам уақыт өтседе жағдай түзелмеді. Өйткені тұрғын үй және капитал нарығына деген сенім сейіліп, құрылыс саласына сұраныс төмендеді.