Қытайға 4 млн теңгемен өтпек болған азаматшаға айыппұл салынды

818

Қазақстан азаматшасы Қытайға 4 млн теңгеден аса декларацияланбаған қаражатты өткізбек болған.

Қытайға 4 млн теңгемен өтпек болған азаматшаға айыппұл салынды

Алматы облысында "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде қол жүгінде 4 065 000 теңге, яғни 10 423 АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған қаражаты бар азамат ұсталды.

Қазіргі уақытта кінәлі тұлға ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетсек, жеке тұлғалар кедендік декларациялаусыз шетелдік және ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін тек 10 мың АҚШ доллары көлемінде ғана қолма-қол алып жүруге құқылы. Ал одан асатын сома міндетті кедендік декларациялауға жатады.

Декларацияда көрсетілген қаражатқа салық салынбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу