ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің сөзінше, биылғы жылдың алғашқы 9 айында ҚХР-ға өзімізде жиналған Лада Нива жеңіл көліктерінің 988 данасы, Тәжікстанға Джак маркасының 55 бірлігі тасымалданған, деп хабарлайды khabar.kz.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығына арналған 94 бірлік теxника Ресейге сатылған. Отандық өңдеуші өнеркәсіптің өнімдері бүгінде 115 елге экспортталады. Осылайша, биылғы 8 айдың қорытындысында саладағы табыс 9,9 миллиард долларды құраған. Агро-xимия секторында – 72, мұнай өңдеуде – 67 және қара металлургияда 61 пайыз өсім байқалған. Жалпы өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі – 599 миллиард теңге.
Инвестициялар және даму министрлігі мәліметінше, индустрияландыру картасының шеңберінде соңғы жеті жылда 1080 жоба қолға алынып, жаңа өндірістер іске қосу арқылы 101 мың тұрақты жұмыс орындары құрылған. Оның ішінде биылғы 9 айда төрт жарым мың адам қызметпен қамтылған. Ал жыл соңына дейін шамамен тағы 10 мың жұмыс орны ашылады деп күтіледі. Қазір елде 11 арнайы экономикалық аймақ және 23 индустрияландыру аумағы жұмыс істейді.
"Олар құрылған сәттен бастап 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылса, ағымдағы жылы тағы 3 мыңы ашылады", – дейді министр Жеңіс Қасымбек.