Қытайға автомобильмен тасымалдау үшін 7 мыңға жуық бланкі беріледі

983

Қытайға автомобильмен тасымалдау үшін 7 мыңға жуық бланкі беріледі

Жыл соңына дейін Қазақстаннан Қытайға автомобильмен тасымалдауға арналған 7 мыңға жуық рұқсаттама бланкісі беріледі, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Жыл басында Қазақстан мен Қытай автомобильмен тасымал жасауға байланысты  50 мың рұқсаттама бланкісімен алмасты. 20 қарашадағы есеп бойынша қазақстандық тасымалдаушылар 43146 бланкіні пайдаланған. 

ҚР ИДМ көлік комитеті рұқсаттаманы беру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылғанын және ақысыз екенін еске салады. Тасымалдаушылар аталған бланкілерді elicense.kz порталының көмегімен ала алады. Тапсырыс берілгеннен кейін беру туралы шешім екі күн ішінде қабылданады. Тапсырыстан кейін бланктерді беру туралы шешім екі жұмыс күні ішінде қабылданады.

Рұқсаттамаларды тарату тасымалдаушының жылжымалы құрамының санына, комитеттің аймақтық органдарындағы қайтарылған және қалған бланкілер санына байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу