Қытайға аяқ басқандардың барлығы саусақ ізін тапсыратын болады

1074

Қытайға аяқ басқандардың барлығы саусақ ізін тапсыратын болады

Қытай билігі ел аумағына енетін барлық шетелдіктің саусақ ізін жинауды бастамақшы. Бұл туралы ҚХР-дың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі хабарлады, деп жазады Би-би-си.

Жаңа жүйе Шэньчжэнь қаласындағы халықаралық әуежайда сынақтан өткізіледі. Ол  10 ақпаннан бастап жұмыс істей бастайды.

Ол осы жылдың соңына дейін  барлық шекаралық өткізу пунктерінде енгізіледі.

Саусақ ізін шетелдік дипломаттардан өзге,  14 пен  70 жас аралығындағы барлық шетел азаматы тапсыруға тиіс.

Қытай билігі саусақ ізін тапсыру кеңінен қолданылатын өзге елдердің тәжірибесіне сүйенгенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу