Путин Қытай сапарында күллі әлемге "ядролық чемоданын" паш етті

70

Әлемдік БАҚ өкілдері ядролық арсеналды басқаруға арналған пультті жарыса жазып жатыр.

Путин Қытай сапарында күллі әлемге "ядролық чемоданын" паш етті Фото: Reuters

Трамп, Си және Путин қатысқан саммитте Кремль басшысының артынан ресейлік офицер үздіксіз ілесіп жүрді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Офицердің қолындағы күміс тұтқасы бар, жіңішке қара чемодан көптің назарын өзіне аударды. Себебі оның ішінде Ресейдің ядролық арсеналын басқару пульт орналасқан.

"Ядролық чемоданды" алып жүрген адам көпшілік алдында сирек көрінетіндіктен, сарапшылар мұны Ресей басшысы Владимир Путиннің өз күш-қуатын ашық көрсету әрекеті деп бағалады.

Ресейлік мемлекеттік телеарна қызметкері Евгений Попов қолына қара портфель ұстаған, әскери киімдегі офицерді байқап қалып:

"Қараңыздаршы, анау ядролық чемодан, дәл сол чемодан біздің артымызда тұр", – деді.

Содан кейін ол офицерден "Бұл шынымен де "сол" чемодан ба?" деп сұрады, ал офицер мұны екі рет растады.

Портфель Кавказдағы "Чегет" тауының құрметіне деп аталған. Ол Путинге әскери басшылықпен қауіпсіз байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Президент соның арқасында төтенше жағдай туындаған кезде ядролық қаруды қолдану туралы бұйрық бере алады.

"Чегет" Путиннің шетелге сапарлары кезіндегі қауіпсіздік хаттамасының ажырамас бөлігі болғанымен, оны көпшілік алдында шығаруы өте сирек.

Соңғы рет 2024 жылдың мамыр айында В.Путин Қытайға сапары кезінде көрсеткен болатын. Сол кезде Си Цзиньпиннің артынан келе жатқан және дәл сондай портфель ұстаған қытайлық шенеунік те журналистердің камерасына түскен еді. 

Ресейде Владимир Путиннен бөлек, "Чегет" жүйесі Қорғаныс министрі мен Бас штаб бастығына қолжетімді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу