Бұл Қытайға Бразилиядан әкелінген жүгерінің алғашқы партиясы, деп хабарлайды Inbusiness.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Бразилиялық жүгеріні Қытайдың ең ірі азық-түлік трейдері COFCO импорттады. Кеме Бразилиядағы Сантос портынан шығып, бір айдан астам сапардан кейін аталған провинцияның Дунгуан қаласының портына келді.
Қытай мен Бразилия 2022 жылы бразилиялық жүгеріні импорттау туралы келісімге келді. Бразилия әлем бойынша жүгерінің өндіруден үшінші орында, ал оны экспорттаушы ретінде екінші орынға ие.
Қытай импорттаушысының айтуынша, оңтүстік жарты шардағы Бразилия мен солтүстік жарты шардағы Қытай жүгері жинау маусымында бір-біріне демеу, ал Бразилиядан жүгері импорты жүгеріні Қытайға жеткізу арналарын әртараптандыруға мүмкіндік береді, осылайша маусымдық және аймақтық тапшылықты толықтыруға болады.