"Қытайға дейін басқа, кейін басқа": Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен неге араласпай кеткенін айтты

3110

Бұл туралы әнші Әлішер Кәрімов Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қытайға дейін басқа, кейін басқа": Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен неге араласпай кеткенін айтты Фото: Ашық дерек көздерінен

"Шынымды айтайын, қазір Димашпен байланыс жоқ. Екі-үш ай бұрын студияда көріп қалдым. Қал-жағдай сұрастық. Екі минуттай сөйлестік. Туған күнмен бір-бірімізді құттықтамаймыз. Бір-бірімізбен хабарласпаймыз. Қытайға дейін болған байланысы басқа, Қытайдан кейін басқа болды. Негі екенін білмеймін. Оның уақыты жоқ шығар. Қазір оған мұның қажеті жоқ шығар. Бір кезде телефон нөмір алмасайық деген болатынмын. Бірақ кері байланыс болмаған соң, сол жерден қоя салдым. Мен жалынғанды суқаным сүймейтін адаммын. Оның таңдауы сол болды. Мен әр адамның таңдауына сыйластықпен қарайтын адаммын. Қытайға дейін бауырлар секілді болдық. Хабарласып тұрдық. Ол кезде қатты уайымдады. Қазір ол үлкен әртіс болды. Оның жетісттіктеріне қуаныштымын, әркез тілекшімін. Ол осының барлығына лайық", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу