Қытайға экспортталатын газ көлемі ұлғаяды

1359

2017 жылғы қазан айынан бастап қазақстандық газ Қытай нарығына экспорттала бастаған болатын.

Қытайға экспортталатын газ көлемі ұлғаяды

Қытайға экспортталатын қазақстандық газ көлемі 10 млрд текше метрге дейін ұлғаяды. Бұл туралы "Сарыарқа" магистральдық газ құбырын салу жобасы бойынша өткен баспасөз маслихатында ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Энергия ресурстарының өңірлік транзитіндегі Қазақстанның рөлі артып келеді. Биылғы жылы "Қазақстан-Қытай" газ құбырының екі компрессорлық станциясы пайдалануға берілді. Нәтижесінде, аталған трансұлттық газ құбырының өткізу қабілеті 5 млрд текше метрге артып, жылына 55 млрд текше метрге жетті. Бүгінге дейін осы бағытқа шамамен  6,1 млрд текше метр газ экспортталды. Келесі жылдан бастап  қазақстандық газдың экспортын жылына 10 млрд текше метрге дейін ұлғайту туралы келісімшартқа қол қойылды",  –  деді энергетика вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу