Қытайға емдік саңырауқұлақтарды заңсыз тасымалдамақ болған Қазақстан азаматы ұсталды

1309

Қытайға емдік саңырауқұлақтарды заңсыз тасымалдамақ болған Қазақстан азаматы ұсталды

Қазақстанның шекарашылары кордицепс деп аталатын емдік саңыраулықтарды үлкен мөлшерде Қытайға заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

"Майқапшағай" өткізу пунктінде 33 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол  жалпы салмағы  1,5 келі болатын қымбат бағалы кордицепс саңырауқұлақтарының бумасын денесіне жасырып ҚХР-на өткізбекші болған.  Оның ұсталғаны туралы құзырлы органдарға мәлімделді", – делінеді хабарламада.

Кордицепс (Cordyceps) – белгілі бір жәндік түрлерінде паразиттік тіршілік ететін қастауыш саңырауқұлақтар тұқымына жатады.  Табиғатта  кордицепстің 400-ден астам түрі кездеседі.  Кордицепс саңырауқұлақтары Қытайда императордың асханасында пайдаланылады. Кейбір ғалымдардың пайымынша,  кордицепстің қасиеті адам өмірін  150 жылға дейін ұзартатын көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу