Қытайға "Гаеми" тайфуны келе жатыр

176

Қытайда таңертең супер тайфунға дейін күшейген "Гаеми" тайфунына байланысты қауіптің ең жоғары қызыл деңгейі жарияланды. 

Қытайға "Гаеми" тайфуны келе жатыр Фото: canva.com

Бұл туралы ҚХР Орталық метеорологиялық басқармасының хабарламасына сілтеме жасай отырып, ТАСС хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таңертеңгі жағдай бойынша тропикалық циклон Тайвань аралындағы Илань округінен оңтүстік-шығысқа қарай 195 шақырым жерде болды. Оның шегіндегі желдің жылдамдығы секундына 55 метрге жетеді.

Сағатына 10-15 шақырым жылдамдықпен жүрген жағдайда тайфун Тайваньның шығыс жағалауына жергілікті уақыт бойынша сәрсенбіге қараған түні жетеді деп болжануда. Осыдан кейін ол аралдың солтүстік бөлігінен өтіп, келесі күні Қытайдың шығыс Фуцзянь провинциясына жетеді, онда дауыл мен қатты жаңбыр жауады. Кейбір аудандарда 600 мм-ге дейін жауын-шашын болады деп күтілуде.

Фуцзянь провинциясының жағалау аймақтарында билік табиғи ққбылыс соққысына дайындалуда. Теңіздегі барлық кемелерге қауіпті аудандардан кетуге және порттарда паналауға бұйрық берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу