Қытайға газ экспорты жылына 10 млрд текше метрге артады

876

Қытайға газ экспорты жылына 10 млрд текше метрге артады

"ҚазМұнайГаз" Қытайға газ экспортын жылына 10 млрд текше метрге дейін ұлғайтатын болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпараттан мәлім болды.

Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауды кеңейту үшін жаңа компрессорлық станцияларды салу және қолданыстағыларын жаңғырту есебінен "Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ қуатын ұлғайту жоспарлануда.

Қазақстан газының Аспанасты еліне экспорты 2017 жылғы 15 қазанда басталған болатын.

Айта кетейік, 2017 жылдың қорытындысы бойынша "Орталық Азия – Қытай" трансұлттық газ құбыры арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалданған ортаазиялық елдердің газ көлемі 13,4 %-ға артып, 38,7 млрд текше метрге жетті. 2009 жылы іске қосылғалы бері осы халықаралық газ құбыры арқылы Қытайға тасымалданған газ көлемі 203 млрд текше метрден асты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу