Қытайға газ экспортын ұлғайту туралы келісімшартқа қол қойылды

1340

2019 жылдан бастап қазақстандық газ экспорты жылына 10 млрд текше метрге ұлғаяды.

Қытайға газ экспортын ұлғайту туралы келісімшартқа қол қойылды

"ҚазТрансГаз" АҚ PetroChina International Company Limited компаниясымен 2019 жылдан бастап қазақстандық газ экспортын жылына 10 млрд текше метрге ұлғайту туралы 5 жылға келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Құжатқа 12 қазан күні Бейжің қол қойылды.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытай  арасында 5 млрд текше метр қазақстандық газды экспорттау туралы келісімшарттағы талаптар толығымен орындалды.

"Жақын арада магистральдық газ құбырларының өткізу мүмкіндігін 10 млрд текше метрден 15-ке жеткізуге мүмкіндік беретін 3 қуатты газкомпрессорлық және сығымдау станциясы  - "Бейнеу-Бозой-Шымкент" пайдалануға беріледі", - дейді "ҚазТрансГаз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаев.

Оның айтуынша, осылайша біз ішкі сұранысты қанағаттандырып, сыртқы нарықты да қамти аламыз.

Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газэнергетикалық және газ тасымалдау компаниясы. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және газды ішкі және сыртқы нарықтарда сатумен айналысады, құбыр желілері мен газ қоймаларын салу, пайдалану және қаржыландыруды жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу